«JAS USTAZ DIGITAL: ИДЕЯДАН ИННОВАЦИЯҒА»
21.10.2026
«Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес «JAS USTAZ DIGITAL: ИДЕЯДАН ИННОВАЦИЯҒА» атты облыстық конкурсының аудандық кезеңін өткізді.
Байқауға Ақкөл ауданы бойынша педагогикалық өтілі 5 жылдан аспайтын жас педагогтер қатысып бақ сынады.
Конкурс ережесіне сәйкес бағалау критерийлері бойынша қорытындысы шығарылды.
«Инклюзивті білім беруге арналған цифрлық технология» номинациясы бойынша «Ақмола облысы бiлiм басқармасының Ақкөл ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Ақкөл қаласының №4 жалпы орта бiлiм беретiн мектебi» КММ бастауыш сынып мұғалімі Найман Наталья Александровна І орын;
«Үздік цифрлық білім беру өнімі» номинациясы бойынша «Ақмола облысы бiлiм басқармасының Ақкөл ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Ақкөл қаласының №4 жалпы орта бiлiм беретiн мектебi» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Кожахметова Алина Сергеевна ІІ орын
Ақкөл ауданы бойынша «Jas ustaz digital: идеядан инновацияға» облыстық конкурсының облыстық кезеңіне конкурс қорытындысына сәйкес «Инклюзивті білім беруге арналған цифрлық технология» номинациясы бойынша «Ақмола облысы бiлiм басқармасының Ақкөл ауданы бойынша бiлiм бөлiмi Ақкөл қаласының №4 жалпы орта бiлiм беретiн мектебi» КММ бастауыш сынып мұғалімі Найман Наталья Александровна қатысып, аудан намысын қорғайтын болады.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып облыстық кезеңге жолдама алған педагогтерге сәттілік тілейміз!
Просмотров: 8