«Оқушылардың бейімделуі және білім беру қажеттіліктерін бағалау»
28 қазанда мектепте «Оқушылардың бейімделуі және білім беру қажеттіліктерін бағалау» тақырыбында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің екінші отырысы өтті.
Отырыс барысында мамандар бейімделу кезеңінің ерекшеліктерін талқылап, бақылау мен диагностика нәтижелерін талдады, балалардың білім беру қажеттіліктерін және оларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің одан әрі бағыттарын айқындады.
Мектептің педагог-психологы Тлеулина А. Ж. ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1, 5 және 10-сынып оқушыларының бейімделу нәтижелерін таныстырды. Әлеуметтік педагог Юхачева Д. И. баланы қолдау мен табысты әлеуметтендіру мәселелерінде мектеп пен отбасының өзара іс-қимылының маңыздылығы туралы әңгімеледі.
Мұғалім-дефектолог Бисембаева М. С. «Дефектолог жұмысында нейропсихологиялық жаттығуларды қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Қатысушылар зейін, жад, ойлау, қимыл үйлесімін дамытуға және оқу белсенділігін арттыруға бағытталған практикалық жаттығулармен танысты.
Отырыс қорытындысы бойынша мамандардың одан арғы жұмыс бағыттары айқындалды. Әр баланың оқуы, дамуы және табысты әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
